🔻Немесе ҚОРҚЫНЫШТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?? ___________________________________
🔺Жалшылық жұмыстан кетіп, қалағаныңша табыс тауып, қайда барасың, не істейсің өз ырқыңда болу әркімнің ақ арманы екеніне сенімдімін!
Бірақ? Бірақ осы қамытты мойыннан алып тастауға бір күш жібермейді! Ол не?
___________________________________
🔺Мен талай жастармен сөйлестім осы туралы. ФБ-те де, былай өмірде де!
Ол деген ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН қорқу!!
Мынандай қорқыныштар аяқтан тұсап тұрады:
___________________________________
🔺1. «Осы жеп жүрген нанымнан айырылып қалмаймын ба? Бұл жұмысымды тастап кетсем, кәсіпкерліктен ештеме шықпай қалса не істеймін? Отбасымды қалай асыраймын?»
2. «Кәсіпкерлік деген менің қолым емес-ау? Ол үшін өте жұлымыр, өте пысық болу керек болар?» 3. «Бастап кету үшін көп қаражат керек! Мен оны қайдан аламын?»
4. «Қарыз алып, кредит алып кәсіп ашып алып, банкрот болып қалсам қайтемін?»
___________________________________
🔺Ал аз да болса тұрақты түрде «ЖАЛ АҚЫ» алып, өйтіп-бүйтіп күн көрген ыңғайлы! «Мен кімнен артықпын, ел қатарлы өмір сүре берейін» деген ой сананы жаулап алып, қимылдатпайды.
___________________________________
🔺Қауіп-қатерсіз өмір сүру деген еш адамның басында болған емес, болмайды да! Мен тілек айтқанда үнемі: «Қиыншылықсыз өмір болмайды, бәрін көр өмірде, тек сол қиыншылықтарды жеңе алатын Қажыр, Қайрат, Жігер тілеймін!» деп айтамын!
____________________________________
🔺Ал көп адамдар «Бәле –жаласынан аулақ қылсын, өміріңде қиыншылық көрме» деп тілеп жатады!
Қиыншылықсыз, қауіп-қатерсіз өмір сүрген жанды адамзат жаратылғаннан бері іздесеңіз де таппайсыз! Ол деген - миф!!
___________________________________
🔺Адам баласының өмірдегі іс-әрекетін басқаратын ми! Адамның неокортекс деген ми бөлшегі ақылмен шешім қабылдауға жаратылған! (с) Ахметбек Нұрсила #бизнесбастау #сапалықазақ #ерікжігер #бизнес #мотивация #психология #миллиардер #миллионер #ахметбекнұрсила #тренер #наставник #алматы #астана #шымкент #тараз